Еуроодақ Иранға санкцияны арттырды

Еуропа Кеңесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде қазіргі санкция тізіміне 11 адам мен 4 ұйымның қосылғаны хабарланды.

1893966
Еуроодақ Иранға санкцияны арттырды

Еуропалық Одақ (ЕО) Махса Эминидің өліміне және одан кейінгі наразылықтарға көзқарасына байланысты Иранға қарсы санкция салу туралы шешім қабылдады.

Еуропа Кеңесінен жасалған жазбаша мәлімдемеде қазіргі санкция тізіміне 11 адам мен 4 ұйымның қосылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Иранның моральдық полициясы мен оның Эминидің өліміне жауапты деп танылған басты тұлғалары Мұхаммед Ростами мен Хажахмад Мирзаенің Иранның Құқық қорғау күштері мен бірқатар жергілікті басшыларды басып-жаншудағы рөлі үшін санкциялау туралы шешім қабылдағаны жарияланды.

Мәлімдемеде: «Иранның Ақпараттық және Коммуникациялық технологиялар министрі Иса Зарепур интернетті жабудағы жауапкершілігі үшін тізімге алынды»деп көрсетілді.

Бұл шаралар саяхатқа тыйым салу және активтерді тоқтатуды қамтиды.

 ЕО азаматтары мен компанияларына аталған тұлғалар мен ұйымдарды қаржыландыруға тыйым салады.

Аталған тізімге 97 жеке тұлға мен 8 ұйым кіреді.



Ұқсас жаңалықтар