Германия Украинаға әуе қорғаныс жүйесін беруде

Германияның Украинаға «Iris-T SLM» типті әуе қорғаныс жүйесін беруде.

1891713
Германия Украинаға әуе қорғаныс жүйесін беруде

Германияның Украинаға беретінін жариялаған «Iris-T SLM» типті әуе қорғаныс жүйесінің біріншісін Украина қарулы күштеріне жеткізгені айтылды.

«Der Spiegel» журналының хабарында кеше Польша-Украина шекарасына жақын жерде «Iris-T SLM» типті әуе қорғаныс жүйесінің жеткізілгені хабарланды.

Германия Қорғаныс министрі Кристин Ламбрехт дүйсенбіде «Iris-T SLM» типті ең заманауи әуе қорғаныс жүйесінің біріншісі жақын күндері «украиндықтарды тиімді қорғауға» дайын болады деп мәлімдеген еді.

Қорғаныс министрлігі сондай-ақ «Iris-T SLM» жаңадан жасалған заманауи әуе қорғаныс жүйесі және Германияның Украинаға барлығы «4 Iris-T SLM» жүйесін беретіні туралы ақпаратпен бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар