Жанармай үшін ұзын-сонар кезек

Гуссенвиллдегі жанармай құю станциясының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды.

1891142
Жанармай үшін ұзын-сонар кезек

Францияның Гуссенвилл қаласында жанармай құю бекетінде ұзын-сонар кезек қалыптасты.

Елдегі жанармай станцияларының шамамен 30 пайызында жанармаймен қамтамасыз ету қызметі тапшы болып тұр. Гуссенвиллдегі жанармай құю станциясының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды.

Жанармай бекеті қызметкерлері кеше қаладағы барлық жанар-жағармай  бекеттері жабық болғанын, өздерінің бекетіне де жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де жанармай жеткізілгенін мәлімдеді.

Қызметкерлер тәртіпсіздікке жол бермеу үшін полицейлердің көлік қозғалысын ретке келтіргенін айтты. Сонымен қатар жанар-жағармай сатып алу кезінде тұтынушылар арасында да жанжал мен төбелес болып қалған.

Бұл станциядан жанармай сатып алу үшін тұтынушылар орта есеппен 1,5 сағат күткен.



Ұқсас жаңалықтар