СКТР жан саны - 382 мың 836

Халық жан санының есебінде ер адамдардың үлесі 54.4 пайызды, әйелдердің үлесі 45.6 пайызды құрады.

1890992
СКТР жан саны - 382 мың 836

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) халқы 2021 жылдың аяғында 382 мың 836 болып есептелді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Статистика институты халық және демографиялық мәліметтерді жариялады.

Мәліметке негізделгенде 2011 жылғы 4 желтоқсандағы санақта 286 мың 257 деп белгіленген ел халқының саны 2021 жылдың соңына қарай 382 мың 836 болып есептелді.

Халық жан санының есебінде ер адамдардың үлесі 54.4 пайызды, әйелдердің үлесі 45.6 пайызды құрады.

Еңбекке қабілетті халық деп аталатын «15-64 жас тобының» халықтың жалпы санындағы үлесі 76.5 пайызға жетті.

2021 жылғы өмір сүру мезгілі әйелдер үшін 83.1 жас, ер адамдар үшін 79 жас деп межеленді.



Ұқсас жаңалықтар