Украинадағы шабуылдарда қаза тапқандар мен жараланған азаматтар бар

Зеленский мәлімдеме жасады.

1890512
Украинадағы шабуылдарда қаза тапқандар мен жараланған азаматтар бар

Украинаға жасалған шабуылдарда қаза тапқандар мен жараланған азаматтар бар.

Президент Владимир Зеленский кейбір қалалардағы жарылыстан кейін мәлімдеме жасады. «Соғыстың 229-шы күні бізді құртуға, жер бетінен өшіруге тырысуда. Запорожьеде үйлерінде жатқан, Киевте жұмысқа кетіп бара жатқан азаматтарды өлтірді» деді ол.

Зеленский сөзін «Өкінішке орай, бізде өлген мен жараланған азаматтар бар. Бункерлерден шықпауларыңызды өтінемін» деп жалғастырды.

Киев мэрі Виталий Кличко да қала орталығындағы Шевченковск ауданында бірінен соң бірі жарылыстар болғанын хабарлады.

Кличко өзінің Telegram аккаунтындағы жазбасында "Қауіп жалғасуда. Елорданың барлық тұрғындары баспаналарда болуы керек. Киевтің орталық көшелерін құқық қорғау органдары көлік қозғалысына жапты, құтқару жұмыстары жалғасуда" деп мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар