Путин: «Еуропаға экспорт жасаған ресейлік компаниялар қысымға ұшырауда»

Владимир Путин лауазымдылармен бейнеконференция арқылы экономикалық мәселелер туралы жиналыс өткізді.

1889426
Путин: «Еуропаға экспорт жасаған ресейлік компаниялар қысымға ұшырауда»

Ресей президенті Владимир Путин Еуропаға экспорт жасаған ресейлік компаниялардың қысымға ұшырағанын мәлімдеді.

Ресей өнеркәсібінің қалпына келгенін білдірген Путин «4 айлық құлдыраудан кейін өнеркәсіп өндірісі өткен жылғы деңгейге қайта жетті. Автокөлік өндірісі және металлургия сияқты ауыр жағдайдағы салалар біртіндеп қалпына келуде» деді.

Жылдың алғашқы 8 айында ауыл шаруашылығы секторының 4,6 пайыз, құрылыс секторының 7,4 пайыз өскенін білдірген Путин «Дегенмен Еуропаға экспортталатын секторларға қысымдар жалғасуда. Бұл жағдай түсінікті. Ресейдің өнімдерін сатып алудан бас тартқандар қазір мұнай мен газ және металдарға қоса көптеген өнім үшін көбірек төлеуге мәжбүр» деді.

Путин Орыс компаниялардың балама нарықтарға бағытталғанына назар аударып, мұның жылдам бір кезең еместігін, жаңа логистикалық тізбектер құрудың уақыт қажет екенін айтты.

Ресейдегі тұтынушы сұранысының әлі де төмен екенін атап көрсеткен Владимир Путин «Бөлшек сауда тамызда шілде айында болғандай 8,8 пайызға төмендесе, қыркүйекте одан да азайды. Біз бұл туралы ерекше сөйлесуіміз керек» деді.

Ресей басшысы еліне бағытталған санкция қысымының арта түсетінін атап «Осы аяда қысқа және орта мерзімді кезеңге арналған икемді, тиімді, есептелген іс-қимыл жоспарларына ие болып, оларды дәйекті түрде қолдануымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар