Украина портынан 6 миллион тонна астық тасылды

Украина порттарынан жолға шыққан 260 кеме арқылы тасымалданған астық көлемі 6 миллион тоннадан асты.

1888396
Украина портынан 6 миллион тонна астық тасылды

Украина порттарынан тасымалданған астық көлемі 6 миллион тоннадан асты.

Түркияның Ресей-Украина соғысына байланысты «азық-түлік дағдарысы» қаупін жою мақсатында жасалған «астық дәлізі» арқылы тасымалданған астықтың көлемі 6 миллион тоннадан асты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда 2022 жылдың 22 шілдесінде Түркия, Ресей, Украина және Біріккен Ұлттар Ұйымы Стамбулда «Украина порттарынан астық пен азық-түлікті қауіпсіз тасымалдау бастамасы құжатына» қол қойылғаны білдірілді.

Стамбулдағы Біріккен Үйлестіру Орталығының 27 шілдеде жұмысын бастауымен  2022 жылдың 1 тамызында Украинаның Одесса портынан алғашқы астық тиелген кеме жолға шықты.

Бүгінге дейін Украина порттарынан жолға шыққан 260 кеме арқылы тасымалданған астық көлемі 6 миллион тоннадан асты.

Жүгері, бидай, күнбағыс ұны, күнбағыс майы, қант қызылшасы, соя, бұршақ, арпа сияқты азық-түлік өнімдері кемелермен тасымалданады.

Сондай-ақ бүгін Украина порттарынан тағы 8 кеменің шыққаны айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар