Нобельдің химия саласындағы сыйлығы үш ғалымға берілді

Нобель сыйлығын Каролин Р.Бертоцци, Мортен Мелдал және К.Барри Шарплесс жеңіп алды.

1888829
Нобельдің химия саласындағы сыйлығы үш ғалымға берілді

Химия бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығын американдық және дат химиктер Каролин Р.Бертоцци, Мортен Мелдал және К.Барри Шарплесс жеңіп алды.

Швеция Корольдік ғылым академиясында өткен баспасөз мәслихатында Бертоцци, Мелдал және Шарплесстің «клик химиясы мен биоортогональды химияны дамыту» бойынша еңбектері үшін Нобель марапатына лайық деп танылғаны айтылды.

«Клик химиясы және биоортогональды химия» химия ғылымын функционализмнің жаңа дәуіріне жеткізгені атап өтілді.

Түрік ғалымы Азиз Санжар 1901 жылдан бері жыл сайын химия саласында адамзатқа елеулі үлес қосқан адамдарға берілетін химия бойынша Нобель сыйлығын 2015 жылы жеңіп алған еді. Санжар Нобель сыйлығын алған тұңғыш түрік ғалымы болды.



Ұқсас жаңалықтар