Босқындарды қабылдағандарға ақшалай көмек беріледі

Кляйн бұл көмектің соғыстан қашқан украиналықтарды қамтитынын мәлімдеді.

1888813
Босқындарды қабылдағандарға ақшалай көмек беріледі

Францияда украиналық босқындарды үйінде қабылдаған отбасыларға 150 еуро беріледі.

Француз «BFMTV» арнасының жаңалықтарына сәйкес, қала және тұрғын үйге жауапты министр Оливье Кляйн «Мемлекет украиндық босқындарды қабылдайтын отбасыларға айына 150 еуро көлемінде қаржылай көмек көрсетеді» деді.

Кляйн бұл көмектің соғыстан қашқан украиналықтарды қамтитынын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар француз әкімшілігін араб және африкалық иммигранттарды кемсітіп, бірақ украиндықтарға қатысты басқа көзқарасты ұстанады деп сынайды.



Ұқсас жаңалықтар