Иранда университет студенттері шеруге шықты

Студенттер үкіметке қарсы ұран салып, ұсталғандарды тезірек босатуды талап етті.

1887975
Иранда университет студенттері шеруге шықты

Иранда Махса Аминидің өлімінен кейін басталған шерулерге кеше 17 күн болды.  Шерулер әлі де жалғасуда.

Ислам Ұйымдары Студенттік Одағы таратқан мәліметке қарағанда, Тебриз, Эмир Кебир, Исфахан Технология, Тербиет Мүдерис, Бирдженд, Урмия, Аллама Табатабаи, Бендер Аббас Медициналық ғылымдар және Зехра университеті сияқты көптеген университеттің студенттері түрлі шерулер ұйымдастырды.

Кейбір жоғары оқу орындарында отыру акциясы өтсе, басқаларында сабаққа бойкот жарияланды, ал кейбір университеттерде ұрандармен шерулер өтті.

Студенттер үкіметке қарсы ұран салып, ұсталғандарды тезірек босатуды талап етті.

Кейбір университеттерде студенттердің наразылығын факультет оқытушылары да қолдап, ұсталған студенттерді босатуды сұрады.

Әлеуметтік медиада көрсетілген хабарда Эльбурз уәлаятының Керец қаласында мектеп оқушылары ұран айтып, қысқа шеру ұйымдастырды.

13 қыркүйекте ел астанасы Тегеранда 22 жастағы Махса Амини «орамал тағу ережелерін сақтамады» деген себеппен ұсталған соң қайтыс болған еді. Артынан  басталған шерулер университеттердің ашылуымен қайтадан өршіп кетті.



Ұқсас жаңалықтар