«Солтүстік ағын-1-2» құбырындағы газ тоқтады

Дания мен Швеция жағалауларындағы Ресейге тиесілі «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» құбырларынан  аққан газ тоқтады.

1887353
«Солтүстік ағын-1-2» құбырындағы газ тоқтады

Дания мен Швеция теңіз айдынында Ресейге тиесілі «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» құбырларынан аққан газдың тоқтағаны хабарланды.

«Солтүстік ағын 2» құбырындағы газдың ағуының тоқтағанын атап өткен Дания Энергетикалық агенттігі «Солтүстік ағын 1» құбырындағы газдың ағуының да 2 қазанда тоқтағанын білдірді.

Ұйымның Twitter желісінде жасалған мәлімдемеде құбырлардан газ айдау басталып, тұрақты қысымға жеткені атап өтілді.

Дания мен Швеция жағалауларында Ресейге тиесілі «Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» құбырларынан 4 жерде газ ағып жатқаны хабарланып, кемелердің «аймаққа жақындамауы» керектігі туралы ескерту жасалған болатын.

«Солтүстік ағын - 1» құбыры арқылы табиғи газ тасымалдау 31 тамызда қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілмегендігі себебімен тоқтаған еді.



Ұқсас жаңалықтар