Макрон мен Зеленский телефонда сөйлесті

Эммануэль Макрон Ресейдің Украинаның төрт аймағын заңсыз жаулап алуын айыптады.

1887531
Макрон мен Зеленский телефонда сөйлесті

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті.

Елисей сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Эммануэль Макрон Ресейдің Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье аймақтарын заңсыз жаулап алуын айыптағаны білдірілді.

Макрон елінің Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қалпына келтіруіне көмектесуге және еуропалық серіктестерімен бірге Ресейге қарсы жаңа санкциялар бойынша жұмыс істеуге бел байлағанын жеткізді.

Телефондағы әңгіме барысында екі басшы Запорожье атом электр станциясының жағдайын да талқылады, Макрон Атом электр станциясының бас директоры Игорь Мурашовтың ресейлік күштер тарапынан ұстағанын айыптады.

Макрон мен Зеленский қысқа мерзімде станциясының жұмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін украиндық қызметкерлерді  қамтамасыз етудің шұғыл қажеттілік екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар