АҚШ Кук және Ниуэ аралдарын таниды

Джо Байден: «Мен Кук аралдары мен Ниуэнің егемендігін мойындайтынымызды жариялағаныма қуаныштымын» деді.

1886742
АҚШ Кук және Ниуэ аралдарын таниды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Кук аралдары мен Ниуэ аралдарының тәуелсіздігін мойындайды.

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-Тынық мұхиты аралдары елдері саммитінде сөйлеген сөзінде АҚШ пен Тынық мұхиты аралдары елдері арасындағы бұрыннан келе жатқан дипломатиялық және қорғаныс қатынастарына назар аударып: «Тынық мұхиты аралдарының қауіпсіздігі біз үшін басты маңыздылығын жалғастыра береді» деді.

Елінің Тынық мұхиты аралындағы елдердегі бағдарламаларға 810 миллион доллардан астам жәрдем берілетінін атап көрсеткен Байден бұл көмектердің 330 миллионының климаттың өзгеруіне байланысты жаңа инвестициялар мен бағдарламаларға жұмсалатынын айтты.

АҚШ-тың бұл елдермен барлық салада қарым-қатынасын жалғастыратынын білдірген Джо Байден:

«Мен Кук аралдары мен Ниуэнің егемендігін мойындайтынымызды жариялағаныма қуаныштымын» деді.



Ұқсас жаңалықтар