НАТО-ның Ресейге айтары

"Біздің айтарымыз - ядролық қаруды қолдануға мүлдем болмайды" деді.

1885516
НАТО-ның Ресейге айтары

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг «Егер біз Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық риторикасын қайта-қайта көретін болсақ, біз оны байыппен қабылдауға мәжбүр боламыз» деді.

Йенс Столтенберг Еуропарламенттегі социалистер мен демократтар тобының отырысына қатысып, баяндама жасады.

НАТО-ның Украинадағы соғысқа байланысты екі миссиясы бар екенін атап көрсеткен Столтенберг бірі осы елді қолдау, екіншісі қақтығыстың ушығуына жол бермеу екенін айтты.

Ресейдің соңғы күндері «жалған референдумдар, ядролық алдау, қарулы күштерді жұмылдыру» арқылы қақтығысты күшейткенін атап көрсеткен Столтенберг былай деп жалғастырды: "Біздің айтарымыз - ядролық қаруды қолдануға мүлдем болмайды. Бұл қақтығыстың сипатын толығымен өзгертеді. Ресей ядролық соғыста жеңуге болмайтынын және ешқашан соғысуға болмайтынын білуі керек".

НАТО Бас хатшысы Столтенберг "Егер біз Путиннің мұндай ядролық риторикасын қайта-қайта көретін болсақ, біз оны байыппен қабылдауымыз керек. Сондықтан бұл Ресей үшін ауыр зардаптарға әкелетінін және ядролық соғыс ешқашан болмауы керектігін нақты айтамыз. Артынан әрине шиеленісудің тағы бір түрі туындайды. Қазір Украинадағы соғыс бір трагедия. Бірақ НАТО мен Ресей арасындағы толыққанды соғыс одан да сорақы болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар