БҰҰ Ресей үкіметіне наразылық білдірді

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы мәлімдеме жасады.

1885269
БҰҰ Ресей үкіметіне наразылық білдірді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресейде үкіметтің Украинаға қарсы жұмылдыру жариялауына наразылық білдіргендердің ұсталуына наразылық білдірді.

БҰҰ-ның Женева кеңсесінің апталық баспасөз мәслихатында сөйлеген БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Равина Шамдасани Ресейде соңғы аптадан бері жалғасып жатқан жұмылдыруға қарсы наразылық шерулеріне баға берді.

Шамдасани наразылық шерулері басталған 21 қыркүйек күнінен бері 2 мың 377 наразылық білдірушінің ұсталғанын атап, қамаудағы адам санына қатысты нақты көрсеткіштердің белгісіз екенін баса айтты.

Дағыстан Автономиялық Республикасында соңғы 3 күннен бері шерулердің жалғасқанын атап көрсеткен Шамдасани бас қала Махачкалада шерушілер мен полиция арасындағы қақтығыс нәтижесінде ондаған адамның ұсталғанын білдірді.

Шамдасани бейбіт шеру мен сөз бостандығының адам құқығы екенін айтып, билікті заңсыз ұсталған наразылық білдірушілерді тезірек босатуға шақырды.

Ресей президенті Владимир Путин 21 қыркүйек күні Украинаға қарсы соғыста әскери қолдау іздеу үшін ішінара жұмылдыру жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар