Ресейдегі мектеп шабуылында 9 адам қаза тапты

Ресей Ішкі істер министрлігі оқиға туралы мәлімдеме жасады.

1884626
Ресейдегі мектеп шабуылында 9 адам қаза тапты

Ресей Федерациясына қарасты Удмуртия Республикасының Ижевск қаласындағы бір мектепке белгісіз біреудің қарулы шабуылы салдарынан 9 адам қаза тапты.

Ресей Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Ресейдің Удмуртия облысындағы Ижевск қаласындағы №88 мектепке белгісіз біреу қарулы шабуыл жасады.

Ресей Тергеу комитеті жасаған мәлімдемеде қарағанда шабуылда араларында 2 күзетші, 2 мұғалім және 5 оқушы бар барлығы 9 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Оқиға орнына қауіпсіздік күштері жөнелтіліп, оқушылар мен мұғалімдер мектептен эвакуацияланды.

Шабуылдаушының болса өз-өзіне қол жұмсағаны айтылады.



Ұқсас жаңалықтар