Пәкістанда селден 1638 кісі қаза тапты

Пәкістанда мусон жаңбыры салдарынан арасында 588 бала мен 332 әйел бар 1638 адам қаза тауып, 12 мың 865 адам жараланды.

1884583
Пәкістанда селден 1638 кісі қаза тапты

Пәкістанда 14 маусымнан бері жалғасып келе жатқан муссондық жаңбыр салдарынан болған апаттарда қаза тапқандар саны мың 638 кісіге жетті.

Пәкістанның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің мәліметтерінде жаңбыр салдарынан арасында 588 бала мен 332 әйел бар мың 638 адамқаза тауып, 12 мың 865 адам жарақат алғаны хабарланды.

Жауын-шашын салдарынан 2 миллион 49 мың 482 үй зақымдалып, оның 824 мың 169-ы толығымен қирады, 13 мың 74 шақырым жол мен 392 көпір қирады.
Жаңбырдан 33.4 миллион адам зардап шекті, ауыл шаруашылығы саласында бір миллион 103 мың 800 мал қырылды.



Ұқсас жаңалықтар