Нью-Йоркте "Мұсылмандар күні" дәстүрлі шеруі өтті

Дәстүрлі шерудің артынан сауда және тағам фестивалі ұйымдастырылды.

1884447
Нью-Йоркте "Мұсылмандар күні" дәстүрлі шеруі өтті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «Мұсылмандар күніне» арналған дәстүрлі шеру өтті.

Манхэттен аймағынан басталған шеруге АҚШ-та тұратын көптеген ұлттардың мұсылмандары қатысты.

Дәстүрлі шерудің артынан сауда және тағам фестивалі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ қатысушылар көптеген мәдениеттен музыкалық және көркем қойылымдарды тамашалауға мүмкіндік тапты.

«Мұсылмандар күні» Нью-Йорктегі мұсылмандардың басын 38 жылдан бері қосып келеді.



Ұқсас жаңалықтар