Әлемдік банк Пәкістанға 2 миллиард долларлық көмек жасамақ

Дүниежүзілік банктің Оңтүстік Азия аймағы вице-президенті Мартин Райзер мәлімдеме жасады.

1884433
Әлемдік банк Пәкістанға 2 миллиард долларлық көмек жасамақ

Дүниежүзілік банк су тасқынынан зардап шеккен Пәкістанға 2 миллиард доллар көлемінде көмек көрсететінін хабарлады.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дүниежүзілік банктің Оңтүстік Азия аймағы вице-президенті Мартин Райзер Пәкістанда жасаған мәлімдемесінде су тасқыны салдарынан тіркелген адам шығыны үшін қатты өкінгенін білдірді.

Су тасқынынан ең көп зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін федералды және провинциялық үкіметтермен жұмыс істеп жатқандарын білдірген Райзер Дүниежүзілік банк ретінде Пәкістанға 2 миллиард долларлық көмекті жоспарлағандарын айтты.

Пәкістанда 14 маусым күнінен бері жауған муссондық жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 1 мың 600-ден астам адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар