Франция жұмысшылары ереуілге шықты

Жүздеген ереуілші астана Париж қаласында әкімшілік ғимараты алдына  жиналды.

1883699
Франция жұмысшылары ереуілге шықты

Францияда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласының қызметкерлері бүкіл елде қызметкер мен қаржы тапшылығына наразылық білдіріп, жалақыны көтеруді талабымен ел көлемінде жұмыс тастады.

Елдің ең ірі еңбек конфедерациясы "CGT-нің" шақыруымен ереуілге шыққан денсаулық сақтау, әлеуметтік және әлеуметтік-медициналық сала қызметкерлері әртүрлі қалаларда шерулер ұйымдастырды.

Жүздеген ереуілші астана Париж қаласында әкімшілік ғимараты алдына  жиналды.

Ереуілшілер жұмыс жағдайының нашарлауына және өз секторларындағы қызметкер  және қаржы тапшылығына назар аударып, осыған байланысты түзету шараларының қабылдануын талап етуде.

Ереуілшілер сонымен қатар қазіргі уақытта денсаулық сақтау, әлеуметтік және әлеуметтік-медициналық секторға берілетін «Сегур» деп аталатын 183 еуролық ай сайынғы сыйлықақыны барлық қызметкерлерге беруді талап етеді.



Ұқсас жаңалықтар