Зеленский Ресейден қорықпайтынын айтты

«Путин Украинаны қанға, сонымен бірге өз сарбаздарының қанына батырғысы келеді» деді Зеленский.

1882927
Зеленский Ресейден қорықпайтынын айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің ядролық қару қолданатынына сенбейтінін айтты.

Немістің "Bild" газетіне сөйлеген сөзінде Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Ресейде жариялаған ішінара жұмылдыру мәлімдемесінен хабарлары бар екенін және барлау бөлімшелерінің өздеріне мәлімет бергенін атап өтті.

«Ішінара жұмылдыру Ресейде офицерлер мен басқа да әскери қызметкерлермен арасында проблемалар бар екенін көрсетеді» деген Зеленский: «Әскери академия түлектері мен соғыса алмайтын ер-азаматтарды жұмылдыратынын білеміз. Бұл студенттер оқуын аяқтай алмады. Бұл адамдар соғысқа жарамайды. Олар бізге келіп, қайтыс болуда» деді.

«Путин Украинаны қанға, сонымен бірге өз сарбаздарының қанына батырғысы келеді» деді Зеленский. 

Путиннің қоқан-лоққыларына алаңдамайтынын айтқан Зеленский: "Біз жоспарларымызға сай әрекет етеміз. Жерімізді азат ететінімізге сенімдімін. Мемлекеттің 90 пайызы жалған референдумдарды мойындамайды" деп көрсетті.

Зеленский: «Мен Путиннің бұл қаруды қолданатынына сенбеймін. Менің ойымша, әлем оған бұл қаруды қолдануға рұқсат бермейді» деді.

"Путиннің қоқан-лоққыларына көнбеуіміз керек. Путин ертең: "Біз Украинадан басқа Польшаның бір бөлігін алғымыз келеді, әйтпесе ядролық қаруды қолданамыз" деуі мүмкін. Біз бұл құқайларға бас имейміз» деді Украина президенті.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жартылай жұмылдыру аясында жалпы 300 мың қосыша сарбаздың қызметке шақырылатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар