Нигерияда террор ұйымы диқандарға шабуылдады

Нигерияның солтүстік шығысында террористтер жасаған шабуылда 11 диқан қаза тапты

1883228
Нигерияда террор ұйымы диқандарға шабуылдады

Нигерияның солтүстік шығысында «ISWAP» террор ұйымының шабуылынан 11 диқан қаза тапты.

Жергілікті БАҚ құралдарының хабарлауынша лаңкестік ұйым мүшелері Борно уәлаятында диқандарға шабуылдады.

Шабуыл салдарынан 11 диқан қаза тауып, көптеген адам жараланды. Террористтер шабуылда азық-түлік өнімдерін де қолға түсірді.

Соңғы жылдары ұйымдастырылған операцияларға қарамастан ұйым Нигерияда әлі де маңызды қауіпсіздік проблемасын тудырады.



Ұқсас жаңалықтар