Клеверли Түркияның арағайындығын бағалады

Клеверли: "Түркияның Украина-Ресей арасындағы арағайындық рөлі біз үшін құнды".

1883302
Клеверли Түркияның арағайындығын бағалады

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли Түркияның Украина мен Ресей арасындағы арағайындығының өздері үшін құнды екенін айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-ші отырысына қатысу үшін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барған Клеверли Анадолы агенттігі тілшісінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Түркияның 24 ақпан күнінен бері соғысып жатқан Украина мен Ресей арасындағы арағайындық бастамаларын бағалаған Клеверли «Түркияның Қаратеңізден астық экспорттау туралы келісім бойынша келіссөздердегі рөлін және оның Монтре конвенциясын қорғаудағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Бірақ соғысты аяқтау Ресейдің мойнында... Түркияның Украина-Ресей арасындағы арағайындық рөлі біз үшін құнды» деді.

Украинаның шығысындағы аумақты жоғалтқаннан кейін Ресей президенті Владимир Путиннің жұмылдыру шешіміне тоқталған Клеверли «Жұмылдырудың жариялануы соғыстың (Путин үшін) жоспарланғандай іске аспағанын көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар