Путин батыс елдерін сынға алды

Владимир Путин 300 мың тонна орыс тыңайтқышын мұқтаж елдерге ақысыз жолдау талабымызға жауап берілмеуі ұятсыздықтың айғағы екенін айтты.

1882352
Путин батыс елдерін сынға алды

Ресей президенті Владимир Путин Ресей тыңайтқышының кедей елдерге жөнелтілмей, Еуропаның порттарында сақталуына наразылық көрсетті.

Владимир Путин 24 елдің елшілерінің сенім грамоталарын ел астанасы Мәскеудегі Кремль Президенттік сарайында қабылдаған рәсімде мәлімдеме жасады.

Халықаралық қарым-қатынастардың түбегейлі өзгеру үдерісіне енгеніне назар аударған Путин: "Самарқандта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының соңғы саммиті де әлемдік саясаттың көп үйекті әлемге бет алғанын растады» деп көрсетті.

Көп үйекті әлемдік тәртіпке бағытталған дамуларға кейбір елдер қарсылық көрсеткенін айтқан Путин: "Көп үйектілікке бетулған процесс, өкінішке орай, әлемдегі егемендік орнын және Латын Америкасы, Еуропа, Азия және Африкадағы барлық істі бақылауға алғысы келген елдердің қарсылығына ұшырады. Аталмыш егемен күштер ұзақ уақыттан бері тамаша жағдайда келе жатыр, алайда бұл ұзаққа соызлмайды" деп баса көрсетті. 

Орыс лидер: "Батыс елдерініңРесейдің энергия, азық-түлік және тыңайтқыш өнімдеріне салған санкцияларының әсері даму жолындағы және кедей елдерге тиіп отыр. 300 мың тонна орыс тыңайтқышын мұқтаж елдерге ақысыз жолдау талабымызға жауап берілмеуі ұятсыздықтың айғағы" деді.



Ұқсас жаңалықтар