Нигерде селден 159 адам қаза тапты

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан болған су тасқынынан 225 мың 539 адам зардап шеккені білдірілді.

1882176
Нигерде селден 159 адам қаза тапты

Нигерде шілде айының басынан бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 159 адам қаза тапты.

Нигер ақпарат агенттігінің хабарлауынша елде шілде айынан бері толассыз жауған жаңбырдың салдарынан болған су тасқынынан 225 мың 539 адам зардап шеккені білдірілді.

Су тасқынынан қаза тапқандар саны 159 адамға көбейді.

Нигерде маусымнан қыркүйекке дейін созылатын жаңбырлы маусымда су тасқыны жиі болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Гуманитарлық үйлестіру кеңсесінің мәліметтеріне қарағанда өткен жылы Нигерде болған су тасқынынан 77 адам қаза тауып, 250 мың адам зардап шекті.



Ұқсас жаңалықтар