Ковид-19 жаңа түрі байқалмаса, аяқтауы мүмкін

Ханс Клюге: "Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) пайда болмаса, індет жақын арада аяқталуы мүмкін. Үміт өзбегеніміз жөн" деді.

1881827
Ковид-19 жаңа түрі байқалмаса, аяқтауы мүмкін

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық директоры, доктор Ханс Клюге егер коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) пайда болмаса, індет жақын арада аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Исландиядағы RUV телеарнасына сөйлеген сөзінде Клуге Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейесустың «Ковид-19 індетінде мәре сызығы байқалды» деген мәлімдемелерін бағалады.

Тедрос Адханом Гебрейесустың  мәлімдемесіне қосылатынын айтқан Ханс Клюге: "Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) пайда болмаса, індет жақын арада аяқталуы мүмкін. Үміт өзбегеніміз жөн" деді.

Ханс Клюге қыс келуден бұрын баршаның Ковид-19 індетінің күшейтуші вакцинасын салғызуын ұсыныс етіп:

"Жаңа штаммдарды жылдам  анықтау үшін мықты бақылау қажетті" деді.

үниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейесус 14 қырүкйектегі мәлімдемесінде:

«Біз эпидемияны тоқтату үшін ешқашан жақсы жағдайда болған емеспіз. Біз соңын көріп отырмыз, бірақ ол жерде келген жоқпыз» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар