Балтық елдері Ресей азаматтарынің кіруін шектеді

Балтық жағалауы елдері Литва, Латвия, Эстония Украинадағы соғысқа орай көршілері Ресейге саяхатқа шектеу қойды.

1881811
Балтық елдері Ресей азаматтарынің кіруін шектеді

Балтық жағалауы елдері бүгіннен бастап Ресей азаматтары үшін шекараларын жауып, Украина соғысына байланысты Ресейге баруға шектеулерді күшейтті.

Балтық жағалауы елдері Литва, Латвия, Эстония Украинадағы соғысқа жауапты деп санайтын көршілері Ресейге саяхатқа шектеу қойды.

Литваның Ішкі істер министрі Агне Билотайте Ресей азаматтарына бағытталған шектеулердің негіздемесі туралы:

«Ресей – не істейтіні белгісіз және шабуылдаушы мемлекет. Ресей азаматтарының төрттен үш бөлегі Украинадағы соғысты қолдайды. Соғыс жақтастарының бүкіл әлем бойынша және Литва мен Еуропа Одағы елдеріне еркін саяхаттауы қабылданбайды» деп көрсетті.

Агне Билотайте: "Орыс азаматтарының соғысқа қолдау беруі елінің және Еуропа Одағының қауіпсіздігіне пайдасыз" деп бағалады.

Литваның Ішкі істер министрлігі түн ортасында Ресейдің Калининград облысынан және Беларусь арқылы Литваға өткісі келген 11 ресейлік азаматқа тосқауыл қойылғанын хабарлады.

Польша әкімшілігі жаңа шектеме жайлы мәлімдеме бөліспеді.

Балтық жағалауы елдері Литва, Латвия, Эстония және Польша осы айдың басында Ресей азаматтарына арналған саяхатқа шектеулер 19 қыркүйекте күшіне енетінін мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар