Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы қақтығыс

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қайтадан қақтығыс басталды.

1880676
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тағы қақтығыс

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қайтадан қақтығыс басталды. Қақтығыста 11 шекарашы жарақат алды.

Ведомствоның мәліметінше, сағат 15:08-де Баткен ауданының Паскы-Арык елді-мекенінде Тәжікстан шекарашылары Баткен шекара отрядының «Самарқандек» заставасының шекарашыларына оқ жаудырды. Қырғызстан шекарашылары қарсы қару қолданып, тағы бір қақтығыс орын алды.

Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметім16:00-дегі жағдай бойынша Пас-Арык елді мекеніндегі атыс тоқтатылды, қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай шиеленісе түсуде деп хабарлады.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде Қырғызстан-Тәжікстан шекарасында қақтығыстардың жалғасып жатқаны айтылды.

Осы барыста  Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінен алынған ақпаратқа сәйкес, Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев пен Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирадиддин Мухриддин шекарадағы жағдайды талқылады.

Екі елдің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде шекарада туындаған мәселелерді саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажеттігі тағы да баса айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар