Армения-Әзербайжан қақтығысында 49 адам қаза тапты

Никол Пашинян Әзербайжанмен қақтығыста 49 адамның қаза тапқанын хабарлады.

1879343
Армения-Әзербайжан қақтығысында 49 адам қаза тапты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанмен қақтығыста 49 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Армения парламентінде сөйлеген сөзінде Пашинян бүгін таңертең Әзербайжанмен қақтығыстарындағы қарқындылығының төмендегенін айтты.

Пашинян «Армения Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, қазір бізде 49 адам қайтыс болды, бірақ бұл соңғы көрсеткіш емес» деген сөздер қолданды.

Пашинян Әзірбайжанның 2020 жылдың қарашасында қол жеткізілген келісімдерге келіспейтіндерін айтты.

Пашинян «Біз аймақтағы барлық елдер, соның ішінде Армения мен Әзербайжан да осы жолдарды пайдаланады деген көзқараспен жолдарды ашуға дайынбыз» деп көрсетті.

Пашинян Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің түнде жиналып, таң атқанша кеңескенін де мәлімдеді.

Пашинян кездесудің нәтижесінде Армения үкіметінің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына ресми өтініш жасау туралы шешім қабылдағанына назар аударды.

Енбі бір жағынан Армения премьер-министрі Пашинян АҚШ Мемлекеттік хатшысы Антони Блинкенмен Әзербайжан-Армения шекарасындағы қақтығыстарға байланысты телефон арқылы сөйлесті.

Армения премьер-министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Пашинян кездесуде Блинкенге шекарадағы жағдайға байланысты алаңдаушылығын жеткізді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен де жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол берілмейтінін айтты.

Блинкен АҚШ-тың жағдайды тұрақтандыруға күш салуға дайын екенін білдірді.

Армения үкіметінен жасалған мәлімдемеде Пашинянның Еуропа Одағы кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель және Иран президенті Ибрахим Реисимен телефон арқылы сөйлесіп, Әзербайжан-Армения шекарасындағы соңғы қақтығыстарды талқылағаны хабарланды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей президенті Владимир Путин және Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

Армения үкіметі жасаған мәлімдемеде Пашинянның Путин және Макронмен кездесуінде Әзербайжан-Армения шекарасындағы соңғы қақтығыстарды талқылағаны хабарланды.

Осы барыста Армения ақпарат құралдары түнде премьер-министр Пашинянның Қауіпсіздік кеңесін үкімет ғимаратында жинағанын хабарлады.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі кеше кеште Армения армиясының шекараның Дашкесен, Келбажар және Лачын бағыттарында кең көлемде арандатушылық жасағанын хабарлады.

Әзербайжан-Армения шекарасында екі елдің әскери жасақтары арасында қызу қақтығыс болды.

 



Ұқсас жаңалықтар