Швецияда түрік текті депутат парламентке сайланды
Кеше Швецияда жергілікті және жалпы халықтық сайлау өткен болатын.
Кеше Швецияда өткен сайлауда түрік текті Мухаррем Демирок Орталық партиядан депутат болды.
Демирок ұзақ жылдардан бері саясатта жүргенін айтып, 4 жыл парламентте қызмет ететін депутат болып сайланғанына қуанышты екенін білдірді.
Түрік текті депутат өмір сүру құнының артуының мүмкіндігінше алдын алуға және энергия бағасының көтерілуі проблемасына да шешім табуға тырысатынын білдірді.
«Мен Линкёпинг қаласында 12 жыл бойы қоршаған орта мен энергетикаға жауапты мэрі қызметін атқардым. Осы жерден алған тәжірибемді парламентке жеткізіп, көптеген мәселелердің шешімін табуға тырысамын деп үміттенемін» деді ол.
Кеше Швецияда жергілікті және жалпы халықтық сайлау өткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.