Ресейдің геноцидтік қылмыстық  ісі күн тәртіпте

АҚШ Украинаның Ресейге қарсы көтерген геноцидтік қылмыстық  ісіне қосылғысы келеді.

1877913
Ресейдің геноцидтік қылмыстық  ісі күн тәртіпте

Америка Құрама Штаттары Украинаның Ресейге қарсы көтерген геноцидтік қылмыстық  ісіне қосылғысы келеді.

Халықаралық әділет соты жасаған жазбаша мәлімдемеде Литва, Латвия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және Германиядан кейін АҚШ-тың да Украина мен Ресей арасындағы геноцидтік қылмыстық ісіне қосылуды талап еткені атап өтілді.

Америка Құрама Штаттарының «геноцидке жол бермеу жөніндегі тарихи күш-жігерінің бір бөлігі ретінде» осы іске қосылуды сұрағаны атап өтілді.

Халықаралық әділет соты Украина мен Ресейден Америка Құрама Штаттарының іске қосылу туралы өтінішіне қатысты жазбаша мәлімдеме жасауды сұрады.



Ұқсас жаңалықтар