Украина кейбір аймақтарды қайтарып алды

Бұл туралы Зеленский хабарлады.

1877242
Украина кейбір аймақтарды қайтарып алды

Украина президенті Владимир Зеленский Харьков облысындағы кейбір аудандардың ресейлік күштерден қайтарылғанын айтты.

Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасындағы бейне мәлімдемесінде украин әскерлеріне алғыс айтып, «Осы аптада Харьков облысынан жақсы жаңалық бар» деді.

Харьковте қайта алынған мекендер туралы ақпарат бермеген Зеленский «Қазір Украина туы қайтып оралған жерлерді санап отыратын уақыт емес» деді.

Сонымен қатар жергілікті ақпарат құралдары Украина  күштерінің Харьковте Ресей күштеріне қарсы шабуыл бастағанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар