Украинадан астық тасымалдануда

Украина порттарынан астық тиелген тағы 4 кеме жолға  шықты.

1877003
Украинадан астық тасымалдануда

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter аккаунтында жасалған мәлімдемеде «Украина порттарынан астық жөнелту жалғасуда. Бүгінге дейін Украина порттарынан астық тиелген тағы 4 кеме  жолға шықты» делінді.

Қаратеңізден қауіпсіз азық-түлік тасымалдауын құру үшін Украина және Ресеймен «Стамбул астық келісіміне» 22 шілдеде Стамбулдағы Долмабахче сарайындағы президенттік офисінде  Президент Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутеррештің  қатысуымен қол қойылды.

Қаратеңізден астық өнімдерін қауіпсіз тасымалдау үшін құрылған Бірлескен үйлестіру орталығы 27 шілдеде Стамбулдағы Ұлттық қорғаныс университетінің кампусында жұмыс істей бастады.

 



Ұқсас жаңалықтар