"Ресей С. Кореядан қару сатып алды"

Кирби "Бұл Ресейдің Украина соғысында қаншалықты «үмітсіз және дәрменсіз» екенін көрсетеді" деді.

1876707
"Ресей С. Кореядан қару сатып алды"

АҚШ-та Ақ Үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі директоры Джон Кирби «Ресей Солтүстік Кореядан миллиондаған зымыран мен артиллериялық снаряд алған болуы мүмкін» деді.

Джон Кирби Zoom арқылы өткен Ақ Үй тілшілерімен кездесуінде АҚШ-тың сыртқы саясатына баға берді.

Солтүстік Кореяның Ресейге қару сатқаны туралы мәлімдемелерді растаған Кирби: "Біздің ойымызша, бұл сатылымда миллиондаған зымыран мен артиллериялық снарядтар болған. Бұл сатылымның аяқталғаны және қарулардың қолданылғаны туралы әлі белгі жоқ" деді.

Кирби бұл сауданың Ресейдің Украина соғысында қаншалықты «үмітсіз және дәрменсіз» екенін көрсететінін айтты.

Қытайдың Ресейге қатысты ұстанымына тоқталған Кирби «Қытайдың Ресейге қарсы санкцияларды бұзғанын көрсететін ешбір белгіні байқамадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар