Қытайдағы жер сілкінісінде 74 адам ажал құшты

Қытайдың батысындағы Сычуань провинциясында 6,8 балдық жер сілкінісі болды.

1876779
Қытайдағы жер сілкінісінде 74 адам ажал құшты

Қытайдың батысындағы Сычуань провинциясында 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Қуаты 6,8 балл болған зілзаладан 74 адам қаза тапты.

Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері Гардзе-Тибет автономиялық ауданының батысында тіркелген

Жер сілкінісінің ошағы Лудин округінен 39 шақырым жерде 16 шақырым тереңдікте болған.  Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы нақты ақпарат тараған жоқ.

Бірақ қытайлық әлеуметтік желілерде зілзала кезінде қираған және бүлінген ғимраттардың видеосы тарап жатыр.

Жер сілкінісі салдарынан су, электр, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымдары зақымданды. Апат аймағындағы жолдар жабылды. Қатты жаңбыр мен көшкін қаупіне байланысты құтқару және құтқару жұмыстарын жүргізу қиынға түсуде.



Ұқсас жаңалықтар