Байден мен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Байден мен Зеленскийдің телефон арқылы әңгімелескені білдірілді.

1872587
Байден мен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден мен Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Запорожье Атом энергетика стансасын толығымен бақылауды Украина мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке беруге шақырды.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеде Байден мен Зеленскийдің телефон арқылы әңгімелескені білдірілді.

Байденнің Зеленскийді Украинаның тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқының 6 айдан бері жалғасқан  көтерілісін тілге тиек еткен мәлімдемеде «Байден АҚШ-тың Украинаға қолдауын жалғастырғанын атап, кеше жарияланған 3 миллиард долларға қоса қауіпсіздікке бағытталған көмек туралы Зеленскийді хабардар етті» делінді.

Мәлімдемеде екі басшының Запорожье Атом энергетика стансасының бақылауын толығымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі және Украинаға беруі үшін Ресейге шақыру жасағаны хабарланды.

Басқа жағынан Ақ Үй баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер болса күнделікті баспасөз мәслихатында Запорожье Атом энергетика стансасына қатысты мәлімдеме жасады.

Жан-Пьер «Атом энергетика стансалары ешқашан соғыс алаңы болмауы керек. Ресей стансаның айналасында қарусыздандырылған аймақ құруға келісім беріп, оны тезірек Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің қауіпсіздік бақылауына қалдыруы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар