Путин мен Пашинян Қарабахтағы жағдайды талқылады

Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефонда сөйлесті.

1871844
Путин мен Пашинян Қарабахтағы жағдайды талқылады

Ресей президенттігінің Кремль сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Путин мен Пашинянның армян тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескені және әңгіменің Қарабах төңірегінде болғаны білдірілді.

Мәлімдемеге қарағанда Ресей, Әзербайжан және Армения басшыларының 2020 жылдың қараша айында, 2021 жылдың қаңтар айында және 2021 жылдың қарашасында қол қойылған үшжақты келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырудың маңыздылығы бас айтылған әңгіме барысында аймақтағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуінде ресейлік бітімгершілік күштерінің рөліне назар аударылды.

Кездесу барысында Ресей мен Армения арасындағы стратегиялық әріптeстік пен одақтастық қарым-қатынастарын одан әрі жетілдіруге қатысты кейбір өзекті мәселелердің де талқыланғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар