Пәкістандағы нөсер жауында 15 адам қаза тапты

Пәкістанның Синд уәлаятында толассыз жауған жауын салдарынан 15 адам қаза тапты.

1871539
Пәкістандағы нөсер жауында 15 адам қаза тапты

Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша Суккур, Шикарпур және Синд уәлаяттарының кейбір аймақтарына әсер еткен муссондық жаңбыр тұрмысқа кері әсерін тигізді.

Уәлаят бойынша нөсер жауын салдарынан құлаған үйлердің үйіндісі астынан 15 адамның мәйіті шығарылды.

Лауазымдылар 900 мың адамның нөсер жауыннан зардап шеккенін және 26 мың 600 үйдің қирағанын мәлімдеді.

Құрылған жәрдем шатырларында 37 мың 500 адамның паналанғанын атап көрсеткен лауазымдылар 800 ірі қараның қырылғанын да мәлімдеді.

Пәкістан Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардари БҰҰ-нан гуманитарлық жәрдем сұрады.



Ұқсас жаңалықтар