Украина Тәуелсіздік мерекесіне дайындалуда

Соғысқа байланысты украиндықтар биылғы Тәуелсіздік күнін тойлауға бұрынғыға қарағанда көбірек мән беріп отыр.

1870659
Украина Тәуелсіздік мерекесіне дайындалуда
kiev rus tank.jpg
kiev rus tank.jpg
kiev rus tank.jpg
kiev rus tank.jpg

Украина күштері соғыста күйретілген Ресей армиясына тиесілі көптеген броньды көлікті ел астанасы Киевте көрмеге қойды.

6 айға жуық уақыттан бері Ресеймен соғысып жатқан Украина 24 тамызда Тәуелсіздік күнін тойлауға дайындалуда.

Соғысқа байланысты украиндықтар биылғы Тәуелсіздік мерекесін тойлауға бұрынғыға қарағанда көбірек мән беріп отыр.

Мереке қарсаңында Киевтің Кресатик көшесіне соғыста орыс әскерлерінен тартып алынған және пайдаланылмаған көптеген броньды техника, соның ішінде танк және мотоартиллериялық жүйелер орналастырылды. Мыңдаған украиндық ресейлік әскери көліктерді көру үшін Кресатик көшесіне жиналды. Келушілердің кейбірі көлік қозғалысына жабылған көшеде орыс әскери техникасымен суретке түсті.

24 ақпанда басталған Ресей мен Украина соғысы алғашында ел астанасы Киев төңірегінде шоғырланғанымен, қазір елдің оңтүстігіне қарай ығысты.



Ұқсас жаңалықтар