Алжирдегі орман өрттерінде 43 адам қаза тапты

Алжирде 17 тамыз күнінен бері жалғасқан өртте қаза тапқандар саны 43-ке жетті.

1870930
Алжирдегі орман өрттерінде 43 адам қаза тапты

Эт-Тариф Жандармерия қолбасшылығының бір лауазымдысы қаладағы өртте қаза тапқандар санының 36-ға көтерілгенін, осылайша ел көлемінде қаза тапқандар санының 43-ке жеткенін, 183 адамның да жараланғанын білдірді.

Бұған дейін Эт-Тарифте қаза тапқандар саны 30, Сук Ахраста 5, Сетифте 2 адамның қаза тапқаны жарияланған болатын.

Қорғаныс министрлігі өткен аптада елдің әртүрлі аймақтарында шыққан орман өртімен байланысты 13 күдіктінің тергеуге ұсталғанын хабарлады.

Алжир Ұлттық радиосының хабарына қарағанда Қорғаныс министрлігіне жанындағы Жандармерия қолбасшылығының Соғыс басқармасы бөлімінің бастығы подполковник Абдулкадир Беззию «Елдің шығысындағы кейбір қалаларда шыққан үлкен өрттің себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары жалғастыруда» деді.

Подполковник Беззию 17-21 тамыз күндері әртүрлі қалалардағы ормандарда өрт шығарған деген күдікпен 13 адамның ұсталғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар