Сирияның Баб ауданына зымыран шабуылы жасалды

Аудан орталығына жасалған шабуылда 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жараланды.

1870071
Сирияның Баб ауданына зымыран шабуылы жасалды

Түрік қарулы күштерінің Сирияның солтүстігінде жүргізген «Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб аудан орталығына жасалған зымырандық шабуылда 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жараланды.

Әскери оппозицияның бақылауындағы Баб аудан орталығы зымырандармен нысанаға алынды.

Бейбіт тұрғындар көп тұратын аудан орталығына жасалған шабуылда араларында балалар да бар 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жарақат алды.

Шабуылдың кім тарапынан жасалғанына қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

Баб аудан орталығы 2017 жылы ақпан айында «Евфрат қалқаны» операциясы аясында террор ұйымы ДАИШ-тен тазартылған еді.



Ұқсас жаңалықтар