"Орыс әскерлері кетпейінше бейбіт келіссөздерді бастау мүмкін емес"

Владимир Зеленский үшжақты баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

1869866
"Орыс әскерлері кетпейінше бейбіт келіссөздерді бастау мүмкін емес"

Украина президенті Владимир Зеленский орыс әскерлері кетпейінше бейбіт келіссөздерді бастау мүмкін емес деп мәлімдеді.

Владимир Зеленский Львовта президент Режеп Тайып Ердоған және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткен үшжақты баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Зеленский президент Ердоған мен Гутерришті қабылдағанына қуанышты екенін білдірді. «Гутерриш мырза мен президент Ердоған мырзаға Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдағаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді» деді ол.

Ол Ресейді өз еліне шабуыл жасағаны үшін лаңкестік әрекет жасады деп айыптады. Зеленский Ресеймен бейбіт диалог орнату мүмкіндігіне тоқталды.

Украина басшысы Ресейге сенбейтінін және Ресейдің Украина қалаларына күн сайын шабуыл жасауын жалғастыратынын мәлімдеді.

«Бейбіт келіссөздер басталуы үшін Ресей ең алдымен басып алған жерлерінен кетуі керек” деді Зеленский.



Ұқсас жаңалықтар