Балалардың бойлары өспей қалды

Нигерия дұрыс тамақтанбаған балалар саны бойынша Африкада бірінші, әлемде екінші орында.

1870049
Балалардың бойлары өспей қалды

Нигерияның Катсина штатында 1,2 миллион бала дұрыс тамақтанбау салдарынан физикалық тұрғыда жетілмей, бойы өспей қалды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) тамақтану жөніндегі менеджері Эльхаджи Диоп Катсинада өткен «Тек емшек сүтімен күштірек» атты бағдарламаның ашылуына қатысты. Эльхаджи Диоп осында сөйлеген сөзінде Нигерияның дұрыс тамақтанбаған балалар саны бойынша Африкада бірінші, әлемде екінші орында екенін айтты.

Катсина штатында 5 жастан кіші 1,2 миллион баланың физикалық жағынан өсе алмайтынын және дұрыс тамақтанбау себебінен бойының нормадан аласа қалғанын атап көрсеткен Диоп бұл санның алаңдатарлық екенін білдірді.

Диоп Катсинадағы балалардың дұрыс тамақтанбау мәселесіне қарсы мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс жүргізетінін атап өтті. Ана сүтінің маңыздылығына тоқталған Диоп балалардың да жұмыртқа, соя, жержаңғақ және каштан сияқты тағамдармен қоректену керектігін атап көрсетті.

Өткен жылы елде кем дегенде 80 бала дұрыс тамақтанбау салдарынан қайтыс болды, сонымен қатар жұқпалы аурулар да көбейді.



Ұқсас жаңалықтар