10 бала туған әйелге 1 миллион рубль

Ресейде туу көрсеткіші қайтадан төмендей бастады.

1870044
10 бала туған әйелге 1 миллион рубль

Ресейдегі «Батыр ана» сыйлығы аясында дүниеге 10 бала әкелген әйелдерге 1 миллион рубль беріледі.

Ресейде туу көрсеткіші қайтадан төмендей бастады.

Осыған орай президент Владимир Путин алғаш рет Кеңес Одағының басшысы Иосиф Сталин енгізген және әйелдерді көп балалы болуға ынталандыру үшін жүзеге асырылған «Батыр ана» сыйлығын қайта беруді бастайтындарын мәлімдеді.

10 бала туған ана 10-шы баласы 1 жасқа толғаннан кейін 1 миллион рубль көлемінде ақшалай сыйлық алады.

Аналар соғыста немесе төтенше жағдай салдарынан балаларынан айырылса да ақшалай сыйлықты ала алады.

Кеңестік кезеңде Сталин халық санын көбейту мақсатында 1944 жылы бұл заңды күн тәртібіне қойып, іс жүзінде 400 мың әйелге ақшалай сыйақы тағайындалған еді.



Ұқсас жаңалықтар