Иракта саяси көшбасшылар ерте сайлау өткізуге келісті

Иракта саяси дағдарыс талқыланған жиынға «Садр» қозғалысының өкілі қатыспады.

1869345
Иракта саяси көшбасшылар ерте сайлау өткізуге келісті

Ирактағы саяси көшбасшылар елдегі қазіргі дағдарыстан шығу үшін «конституция бойынша ерте сайлау өткізуге» келісті.

Ирак премьер-министрлігінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Ирак президенті Берхам Салих, Жоғарғы Сот Кеңесі төрағасы Файик Зейдан, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ирак қызметінің өкілі Жанин Хеннис-Пласшаерт және шиіт-сүннит өкілдері, елдегі күрд, түрікмен және христиан қоғамдары мен премьер-министр Мұстафа әл-Казими, бас қала Бағдадтағы үкімет сарайында бас қосты.

Елдегі саяси дағдарыс талқыланған жиынға «Садр» қозғалысының өкілі қатыспады.

Кезектен тыс сайлаудың қайта өткізілуі мүмкін екендігімен келіскен көшбасшылар бұл процестің конституциялық негізге сай атқарылуын қалады.

Жиында конституциялық шеңберде жол картасын жасау мақсатында ұлттық келіссөз кездесулерін жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Ирактың саяси жетекшілері де «Садр» қозғалысын осы ұлттық келіссөз кезеңіне қатысуға шақырды.

Ирактағы ең үлкен бұқаралық базасы бар шииттердің діни және саяси көшбасшысы Муктеда Эс-Садр қазан айындағы сайлауда жеңіске жеткенімен үкіметті құра алмаған соң партиясының құрамындағы депутаттарын отставкаға жіберу арқылы саясаттан кеткенін жариялаған еді. Садрдан кейін үкіметті құру міндеті оның қарсыласы «Үйлестіру шеңбері» қозғалысына өткен еді.

«Үйлестіру шеңбері» қозғалысының бұрынғы Еңбек және әлеуметтік істер министрі Мұхаммед Шиа Суданиді премьер-министрлікке кандидат етіп таңдағанын жариялауының артынан «Садр» қозғалысы жақтастары наразылық көрсеткен болатын.

Садрға қарасты топтар екі аптадан астам уақыт бойынша Бағдаттағы «Жасыл аймақта» парламент бағында отыру шеруін жалғастыруда. Мәжіліс аталмыш протест әрекеті себепті жинала алмай отыр.

«Садр» қозғалысы конституция, сот әкімшілігі және режимді өзгерту арқылы мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етуде. «Садр» қозғалысының қарсыласы Иран қолдау беретін «Шиіттерді үйлестіру жүйесі» саяси тобы болса мұны Мәжілістің шешу керектігін атап бұл талаптарға қарсы шығуда.

Шиіттерді үйлестіру шеңберін қолдаушылар «мемлекет пен конституцияны қорғау» деген сылтаумен «Жасыл аймақ» қақпасында наразылық отырыстарын жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар