Синжарда 6 топтық мазарда 47 жаңа мәйіт табылды

Қырғын қылмыстарын тергеу комитеті Синджар аймағында 6 топтық мазар табылғанын мәлімдеді.

1868883
Синжарда 6 топтық мазарда 47 жаңа мәйіт табылды

Ирактың Синджар аймағында террор ұйымы ДАИШ мүшелерінің қолынан қаза тапқан 47 адамның мәйіті орын алған жаңа топтық мазар табылды.

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі Қырғын қылмыстарын тергеу комитеті мүшесі Нечирван Сүлейман Синджар маңындағы Кани ауылы маңында 6 топтық мазар табылғанын хабарлады.

Ашылған топтық мазарларда ДАИШ тарапынан өлтірген жалпы 47 мәйіт бар екені айтылды.

2015 жылы 3 тамыз күні Мосулдың Синжар ауданына шабуыл жасаған ДАИШ-тік террористтер көптеген бейбіт тұрғынды қырды.

Өңірде қазірге дейін 100-ден астам топтық мазардың 30-ының ғана табылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар