Иранда су тасқынында қаза тапқандар саны 96-ға жетті

ISNA ақпарат агенттігіне қарағанда ең үлкен адам шығыны 42 өліммен Тегеран уәлаятында тіркелді.

1869084
Иранда су тасқынында қаза тапқандар саны 96-ға жетті

Иранда шілде айының соңында басталған және тамыз айына дейін Тегеран қаласынан бастап, елдің үлкен бөлігіне әсер еткен нөсер жауын салдарынан болған су тасқынында 96 адам қаза тапты.

Иранның Студенттік ақпарат агенттігіне (ISNA) қарағанда Иран Сот медицина мекемесі төрағасы Аббас Месжиди Арани елде болған су тасқындарынан 96 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Арани гуманитарлық дағдарысқа айналған апатта ең үлкен шығынның 42 өліммен Тегеран уәлаятында тіркелгенін атап көрсетті.

Иранда 22 шілде күні Парсы уәлаятында басталған толассыз жаңбыр кейіннен елдің үлкен бөлігіне ықпал етті. Толассыз жауған жаңбыр тамыз айының алғашқы күндеріне дейін жалғасқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар