Қырымдағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды

Ресей заңсыз аннексиялаған Қырымда уақытша сақталған оқ-дәрілер жарылды.

1868377
Қырымдағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Қырымның Джанкөй аймағына қарасты Майское ауылы маңында әскери бөлімнің оқ-дәрілері уақытша сақталған аймақта өрт шыққаны атап көрсетілді.

Өрт салдарынан оқ-дәрілердің жарылғаны білдірілді.

Оқиға салдарынан ешкімнің зардап шекпегені және аймаққа өрт сөндірушілер жіберілгені хабарланды. Өрттің шығу себебінің анықталып жатқаны айтылды.

Майское ауылына жақын орналасқан Джанкөй аймағындағы электр стансасында өрт шыққаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар