Скутер мен велосипедтерге тыйым салды

Косовода бензин бағасы көтерілгеннен кейін электр скутерлері мен велосипедтерге қызығушылық артты.

1868031
Скутер мен велосипедтерге тыйым салды

Косово астанасы Приштинаның басты алаңдарында электр скутерлері мен велосипед пайдалануға тыйым салынды.

Приштина мэрі Перпарим Рама әлеуметтік желіде тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.

Бас қаланың  жаяу жүргіншілер тығыздығы жоғары алаңдары мен қоғамдық орындарда электр скутерлері мен велосипед қолдануға тыйым салғандарын жариялаған Рама азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы бағытта шешім қабылдағандарын мәлімдеді.

Скутерлерді қолдану аймақтары, жылдамдықты шектеу және тұрақ орындары сияқты мәселелер бойынша жаңа ереже дайындалғанға дейін осы шешім күшінде болады.

Косовода әсіресе бензин бағасы көтерілгеннен кейін электр скутерлері мен велосипедтерге қызығушылық артты.



Ұқсас жаңалықтар