Еревандағы жарылыста қаза тапқандар саны 6-ға жетті

Еревандағы сауда орталығында жарылыс болып 60-тан астам адам жарақат алды.

1867886
Еревандағы жарылыста қаза тапқандар саны 6-ға жетті

Арменияның бас қаласы Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығындағы отшашу дүкенінде кеше болған жарылыстан қаза тапқандар саны 6-ға жетті.

«Арменпресс» агенттігіне қарағанда Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігі кешегі жарылыстан 6 адамның қаза тауып, 60-тан астам адамның жараланғанын, 18 адамды іздестіру жұмыстарының жалғасқанын білдірді.

Министрлік қаза тапқан 6 адамның біреуінің куәлігінің әлі анықталмағанын мәлімдеді.

Өрт сөндіру және іздеу құтқару топтарының оқиға орнында жұмыстарын жалғастырғаны атап көрсетілді.

«Сурмалу» сауда орталығында қарқынды жарылыстың артынан өрт шығып, үйінділер астында адамдардың қалғаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар